«Балауса» жазғы лагеріндегі жарқын таң
№93 жалпы білім беретін мектеп жанындағы «Балауса» жазғы лагерінде күн дәстүрлі түрде Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Әнұранын орындаудан басталды. Оқушылар Отанға деген құрметін білдіріп, әнұранды ерекше ықыласпен орындады. Одан кейін лагерь қатысушылары көтеріңкі көңіл күймен таңғы жаттығу жасап, сергектік пен жақсы көңіл күйге ие болды. Таңғы жаттығу балалардың денсаулығын нығайтып, белсенді күн өткізуіне оң әсерін тигізді.