Кинотеатрдағы қызықты сәттер
№93 жалпы білім беретін мектеп жанындағы «Балауса» жазғы лагері тәрбиеленушілері кинотеатрға барып, қызықты мультфильм тамашалады. Балалар мультфильм кейіпкерлерінің қызықты оқиғаларын үлкен қызығушылықпен көріп, көтеріңкі көңіл күйге бөленді. Бұл шара оқушылардың жазғы демалысын мазмұнды ұйымдастырып, оларға жарқын әсер мен жағымды эмоциялар сыйлады.