“Балауса” жазғы лагеріндегі эстафеталық жарыс
“Балауса” жазғы лагерінде дене шынықтыру пәні аясында көңілді әрі тартысты эстафеталық жарыс өткізілді. Жарыс барысында қатысушылар өздерінің жылдамдықтарын, ептіліктерін, төзімділіктері мен ұйымшылдықтарын көрсетті. Балалар белсенді қатысып, әр кезеңде жеңіске деген жігерлерін танытты. Эстафеталық жарыс оқушылардың салауатты өмір салтын ұстануына, спортқа деген қызығушылығын арттыруға және достық қарым-қатынасты нығайтуға ықпал етті. Спорт – денсаулық кепілі! Жеңіс – бірлікте!