НАУРЫЗНАМА: 17 НАУРЫЗ – ШАҢЫРАҚ КҮНІ
№93 жалпы білім беретін мектебінің 4 «А» сынып оқушылары Шаңырақ күніне орай отбасы құндылықтарын насихаттап, ұлттық дәстүрлерімізді дәріптеді. Шаңырақ – отбасының, бірліктің және берекенің символы. Бұл күн – әр шаңырақтың шаттығы мен жылулығын арттырып, жақын жандардың арасын одан әрі нығайтатын ерекше мереке. Баршаңызға отбасыларыңызға амандық, бірлік пен береке тілейміз! Сынып жетекшісі: А.К. Донгабакова