Алматы қаласы Білім басқармасының
«№93 жалпы білім беретін мектеп»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі:
+7(727) 274 14 39
Есепші бөлімі:
+7(727) 274 14 39
eOtinish.kz
Нашар көрушілер
нұсқасы
ЖАРАТЫЛЫСТАНУ ПӘНДЕР БІРЛЕСТІГІНІҢ ОНКҮНДІГІ
20
қаңтар
2026
ЖАРАТЫЛЫСТАНУ ПӘНДЕР БІРЛЕСТІГІНІҢ ОНКҮНДІГІ
20.01.2026 күні №93 жалпы білім беретін мектепте «Шаруашылықты ұйымдастыру түрлері» тақырыбында мазмұнды әрі танымдық ашық сабақ өткізілді. Сабақты жоғары деңгейде ұйымдастырып, заманауи әдіс-тәсілдерді тиімді қолданған мұғалім — Данабек Д.А. Сабақ барысында оқушылардың қызығушылығы артып, теория мен тәжірибе ұтымды үйлестірілді. Белсенді жұмыс, ой қозғау, топтық тапсырмалар арқылы білім сапасы айқын көрінді. #АшықСабақ #№93Мектеп #ШаруашылықтыҰйымдастыруТүрлері #БілімБерудеЖаңашылдық
ХАБАРЛАНДЫРУ!
20
қаңтар
2026
ХАБАРЛАНДЫРУ!
Мектебімізде «Екі жұлдыз» өнер байқауы өтеді! Бұл байқау – оқушылар мен мұғалімдердің шығармашылық қабілетін дамытып, сахналық мәдениетті қалыптастыруға, өнерге деген қызығушылықты арттыруға бағытталған ерекше жоба. Байқау шарттары: Әр сыныптан 2 адамнан тұратын жұп қатысады (оқушы + мұғалім); Орындау жанры – ән айту (фонограммамен немесе тірі дауыста); Әр жұп 1 музыкалық номер ұсынады; Орындау уақыты 3–5 минут; Сахналық киім мен мәдениет сақталуы міндетті. Өтетін уақыты: 30.01.2026 Өтетін
ЖАРАТЫЛЫСТАНУ ПӘНДЕР БІРЛЕСТІГІНІҢ ОНКҮНДІГІ
20
қаңтар
2026
ЖАРАТЫЛЫСТАНУ ПӘНДЕР БІРЛЕСТІГІНІҢ ОНКҮНДІГІ
Химия және алгебра пәндерінен 15 минуттық үзіліс барысында оқушыларға қызықты тапсырмалар мен қысқа тест сұрақтары ұсынылды. Мақсат – білімді бекіту және пәнге деген қызығушылықты арттыру. Белсенді қатысқан оқушыларға рахмет!
ЖАРАТЫЛЫСТАНУ ПӘНДЕР БІРЛЕСТІГІНІҢ ОНКҮНДІГІ
20
қаңтар
2026
ЖАРАТЫЛЫСТАНУ ПӘНДЕР БІРЛЕСТІГІНІҢ ОНКҮНДІГІ
Жаратылыстану пәні бірлестіктері апталығында 15 минут – пайдалы әрі мазмұнды өтті! Биология мен география пәндерінен шағын тест арқылы оқушылар өз білімдерін тексерді. Белсенділік пен қызығушылық үшін рахмет! Алға, білімге!
БАЛАЛАР КІТАПХАНАСЫ
20
қаңтар
2026
БАЛАЛАР КІТАПХАНАСЫ
«Балалар кітапханасы» жобасы аясында №93 жалпы білім беретін мектебінің 2 «А» сынып оқушылары «Өзің оқып, өзгеге ұсын» айдарында кітап оқып, достарымен бөлісті.  Сынып жетекшісі: Н.Б. Абдирова
БАЛАЛАР КІТАПХАНАСЫ
20
қаңтар
2026
БАЛАЛАР КІТАПХАНАСЫ
«Балалар кітапханасы» жобасы аясында №93 жалпы білім беретін мектебінің 10 «А» сыныбы «Ең үздік кітап оқитын сынып» байқауына қатысады. Сынып жетекшісі: М.Т. Тоқташбай