АТА-АНАЛАРДЫ ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ҚОЛДАУ ОРТАЛЫҒЫ
2026 жылдың 29 қаңтар күні «Ата-аналарды педагогикалық қолдау» орталығының жұмыс жоспарына сәйкес №93 жалпы білім беретін мектебінің 7 «А» сыныбында ата-аналар жиналысы өтті. Жиналыстың мақсаты – ата-ана мен мектеп арасындағы ынтымақтастықты нығайту, бала тәрбиесіндегі ортақ жауапкершілікті арттыру және ата-аналарға педагогикалық қолдау көрсету. Кездесу барысында оқушылардың оқу үлгерімі мен тәртібі, сыныптағы психологиялық ахуал, сондай-ақ балалардың қабілеттерін дамыту жолдары талқыланды.