Алматы қаласы Білім басқармасының
«№93 жалпы білім беретін мектеп»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі:
+7(727) 274 14 39
Есепші бөлімі:
+7(727) 274 14 39
eOtinish.kz
Нашар көрушілер
нұсқасы
SMART BALA
21
қаңтар
2026
SMART BALA
2026 жылдың 21 қаңтар күні №93 жалпы білім беретін мектебінде «Smart bala» жобасы аясында «Өнертапқыштыққа алғашқы қадам» тақырыбында шебер класс ұйымдастырылды. 6 «Ә» сынып оқушысы Бакытов Алихан өзінің ойлап тапқан «Көпсалалы компьютер» туындысын ұсынды. Құрылғы арқылы: - бөлме температурасын тексеруге; - түрлі ойындар ойнауға; - Power Point презентациясын көруге болады.  Алдағы уақытта дарынды шәкіртімізге шығармашылық ізденістер мен табыстар тілейміз! Жоба жетекшісі: Ә.Ж. Қалназар
СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚҚА БІРГЕ ҚАРСЫМЫЗ!
21
қаңтар
2026
СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚҚА БІРГЕ ҚАРСЫМЫЗ!
Алматы қаласы Білім басқармасының Білім берудегі жаңа технологиялардың қалалық ғылыми-әдістемелік орталығының «Саналы азамат» сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру бағдарламасы және «Заң мен тәртіп» қағидатын іске асыру аясында ұйымдастырылған «Сыбайлас жемқорлыққа бірге қарсымыз!» атты қалалық флешмобқа №93 жалпы білім беретін мектебінің «Мектеп Парламенті» өзін-өзі басқару ұйымы белсенді түрде өз үлесін қосты. #СыбайласЖемқорлыққаҚарсымыз #СаналыАзамат #ЗаңМенТәртіп
МЕКТЕП МАҚТАНЫШТАРЫ
20
қаңтар
2026
МЕКТЕП МАҚТАНЫШТАРЫ
«Алматы дарыны» дарынды балалар мен талантты жастарды анықтау және қолдау орталығының ұйымдастыруымен аудандық білім беру ұйымдарының 2-7 сынып оқушылары арасында өткізілген «ЗЕРДЕ» республикалық зерттеу жобаларының жеңімпазы 6 «А» сынып оқушысы Мұратбек Әділхан марапатталды. Жетекшісі: А.С. Елубай
МЕКТЕП МАҚТАНЫШТАРЫ
20
қаңтар
2026
МЕКТЕП МАҚТАНЫШТАРЫ
«Алматы дарыны» дарынды балалар мен талантты жастарды анықтау және қолдау орталығының ұйымдастыруымен аудандық білім беру ұйымдарының 2-7 сынып оқушылары арасында өткізілген «ЗЕРДЕ» республикалық зерттеу жобаларында жүлделі ІІІ орын алғаны үшін 6 «Ә» сынып оқушысы Рахатқызы Райяна марапатталды. Жетекшісі: Е.Ж. Қасен