Алматы қаласы Білім басқармасының
«№93 жалпы білім беретін мектеп»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі:
+7(727) 274 14 39
Есепші бөлімі:
+7(727) 274 14 39
eOtinish.kz
Нашар көрушілер
нұсқасы
06
маусым
2022

2021-2022 оқу жылындағы жазғы мектеп жұмысы

2021-2022 оқу жылындағы жазғы мектеп жұмысы


Мектеп оқушыларының біліміндегі олқылықтарды жою, білім сапасын арттыру мақсатында мектебімізде 1-8, 10-сыныптар арасында жазғы мектеп ұйымдастырылды.

Жазғы мектеп жұмысын ұйымдастыру үшін Алматы қаласының орта білім беру ұйымдарында 2021-2022 оқу жылында жазғы мектепті ұйымдастыру жөніндегі әдістемелік ұсынымдар «2020-2021 оқу жылында жазғы мектепті ұйымдастыру жөніндегі әдістемелік ұсынымдарды бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2021 жылғы 26 мамырдағы №240 бұйрығы, сондай-ақ Алматы қаласының орта білім беру ұйымдарында «2021-2022 оқу жылын аяқтау және орта білім беру ұйымдарында білім алушыларды қорытынды аттестаттауды өткізу мерзімдерін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 20.04.2022 жылғы №159 бұйрығы басшылыққа алынды.

Мектептің педагогикалық кеңесінің шешімі негізінде лауазымдық міндеттеріне сәйкес балалардың өмірі мен денсаулығының қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында директордың орынбасарлары арасында міндеттерді бөле отырып, жазғы мектепті ұйымдастыру туралы бұйрық шығарылды; оқушылармен жұмысқа тартылатын педагогтердің, басқа да мамандардың тізімі, жазғы мектептегі кабинеттердің тізбесі, мектеп директорларының, мектеп директорлары орынбасарларының арасында міндеттерді бөлу, санитарлық нормалардың сақталуын қамтамасыз ететін техникалық жұмыстар жүргізілді.

Барлық сыныпта онлайн түрде ата-аналар жиналысы өткізіліп, жазғы мектептің жұмысы туралы хабардар етілді, хаттама толтырылды. 

Бүгінгі таңда №93 жалпы білім беретін мектепте 36 оқушының ата-аналарынан жазғы мектепке оқытуға өтініштер қабылданды.

Жазғы мектептің педагогикалық ұжымы өз жұмысында Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасын және Білім және ғылым министрлігі ұсынған нормативтік-құқықтық актілерді негізге алды.

Білім алушылар мектеп кітапханасынан да қолда бар цифрлық білім беру ресурстарымен қамтамасыз етіледі.

Күнделікті сабақ алдында түсіну, талдау, салыстыру, қорытынды жасау арқылы оқушылардың  оқу дағдыларын дамыту үшін  20 минуттық кітап оқу және талдауды кестеге енгіздік.

Мектептің педагогикалық ұжымы оқушылардың оқуға ынтасын арттыру; оқушыларда оқу (және басқа да) жүктемесін тиімді орындау үшін қажетті өзін-өзі реттеу жүйесін қалыптастыру; оқушылардың тұлғалық дамуы мен өзін-өзі анықтауын қамтамасыз ететін қарым-қатынас жүйесін дамыту үшін оқытудың белсенді әдіс-тәсілдерін қолдануда. Атап айтсақ 5 сыныптар арасында қазақ тілінің «Мәдениет: тіл және қарым-қатынас» бөліміндегі «Тілдік қарым-қатынас талаптары» тақырыбында өткізілген сабақта оқушылар өз ойларымен еркін бөлісіп, жан-жақты сыни пікірлерін білдірді. Танымдық ойындарды ойнап,  оқу дискуссияларын жасады. 

Физика пәнінен де бағдарламалық талаптар ескеріле отырып, оқушылардың білім, білік дағдыларына ерекше мән берілді. Сабақта  

"Кластерлер" әдісі қолданылды. Мақсатқа байланысты оқушылардың жеке, тәуелсіз жұмысы, жалпы бірлескен талқылау түрінде ұйымдастырылды.  Сабақтың мақсат-міндеттері нақты, шынайы, қолжетімді әрі  түсінікті болды. 


       Биология пәнінің мұғалімі М.Т. Тоқташбайдың сабақтарын оқушылар қызыға оқиды. Пән мұғалімі өз сабағында тесттер, жазбаша жауап, даталар диктанты, терминдер диктанты, бақылаудың түрлері, өз бетінше жұмыс, дифференциалды тапсырмалар, диктанттар, өзара тексерулер, кроссвордтар, жаңалықтар және т.б. оқу қызметіне ынталандыру тәсілдерін қолданып отырады

Мектеп мұғалімдеріне балалардың эмоционалдық жағдайына көңіл бөлу және қолдау көрсету; білім алушыларға сабақта шамадан тыс тапсырма беруге жол бермеу; сабаққа деген қызығушылығын арттыратын танымдық оқу материалын таңдау; жұмыстың нысандары мен әдістерін, оқыту технологияларын білім алушылардың жас және жеке ерекшеліктеріне сәйкес анықтау бойынша қажетті ұсынымдар берілді. Оқу материалдарының мазмұны ойлау үдерістерін дамытуға, нақты шешім қабылдауға, оларды дәлелдей білуге, ақпаратпен жұмыс істеуге, талдауға, салыстыруға, жалпылауға бағытталған.

Жазғы кезең демалуды, яғни балалардың оқу жылында жұмсаған энергиясын толтыру үшін қажетті жағдайларды жасауды қамтиды. Балалар ата-аналарының келісімімен жазғы мектеп баланы оқыту және психологиялық қолдау көрсетудегі миссиясын толығымен орындауы керек.

Жан-жақты қолдау мен көмек көрсету үшін жазғы мектепте педагог-психолог жұмыс жасайды. Мектеп психологінің жұмысы баланың мүддесі мен ата-ананың келісімімен жүзеге асырылады.

Пән мұғалімдері мектеп психологімен бірлесіп сабақ шеңберінде психологиялық тренингтер мен консультациялар ұйымдастыра алады; баланың коммуникативтік біліктері мен дағдыларын дамытуға, өзіне деген сенімділігін қалыптастыруға, шаршауды басуға бағытталған әңгімелер, ойын сабақтары, психологиялық шеберханалар өткізе алады.

Мектеп психологінің түзетудамыту жұмысы балалармен жеке және топтық сабақтар түрінде жүзеге асырылады. Мәселен, мынадай формалар мен әдістер қолданылады: ойын жаттығулары, ертегі терапиясы, ойын терапиясы, арт-терапия; ароматерапия; музыкалық терапия, релаксация жаттығулары және т.б.

Мектеп психологінің консультативтік қызметі педагогикалық ұжымның, оның ішінде әкімшіліктің де, оқушылардың ата-аналарының да психологиялық-педагогикалық құзыреттілігін арттыруға ықпал етеді деген сенімдеміз.

Жазғы мектеп жұмысы барысында келесідей санитарлық талаптар сақталды:

- жазғы мектептің барлық қатысушыларына санитарлық қауіпсіздік шараларын сақтау туралы нұсқау берілді;

- санитарлық-эпидемиологиялық режим мен жеке гигиена ережелерін сақтау туралы түсіндірме жұмысы жүргізілді;

- барлық кабинеттер мен бөлмелерді уақтылы желдетіледі;

- қолды жуу және арнайы дезинфекциялау құралдарын қолданады;

- жалпы мектепте  ылғалды тазалық жұмыстары уақытылы  жүргізіледі;

- аптасына кемінде бір рет жалпы тазалық жұмысы жүргізіледі;

- сапалы сумен жабдықтауды қамтамасыз етілген, қол жуу құралдарымен жуу үшін жағдай жасалған;

- су ішу режимі сақталған және т.б.

Балалардың өмірі мен денсаулығының қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында:

            1) белгісіз тұлғалардың білім беру ұйымына кіруіне жол берілмейді; 

            2) педагог мектепке кіруге бақылауды күшейту үшін бастауыш мектеп жасындағы балаларды ата-аналарына немесе оларды алмастыратын адамдардың жеке қолына тапсырады.