Алматы қаласы Білім басқармасының
«№93 жалпы білім беретін мектеп»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі:
+7(727) 274 14 39
Есепші бөлімі:
+7(727) 274 14 39
Нашар көрушілер
нұсқасы
03
сәуір
2021

"Директорлық сенбі - ата-ана үні "

Қазақстан Республиксының Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлының «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасын жүзеге асыру мақсатында Алматы қаласы Білім басқармасы әрбір білім беру ұйымдарына «Директорлық сенбі – ата – ана үні» онлайн – кездесулерін өткізуі туралы шешім қабылдаған болатын. Кездесудің мақсаты- қашықтан оқыту жағдайында балалар мен жасөспірімдерді тәрбиелеу , құқық бұзушылық пен суицидтік мінез – құлықтың алдын алу, сондай – ақ «мектеп – бала - ата- ана» қарым – қатынасы мен өзара ықпалдасуына қатысты психологиялық – педагогикалық қолдау бойынша барлық толғандыратын мәселелерде ата – аналарға пәрменді көмек көрсету.  Осы шараны жүзеге асыру мақсатында 2021 жылдың 03 сәуір айында  №93 жалпы білім беретін мектеп   «Директорлық сенбі – ата – ана үні» онлайн кездесуі ұйымдастырылды. Ата – аналарға арналған онлайн – сұхбатқа – директор, директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары, сынып жетекшілері, мектеп психологі, әлеуметтік педагог және пән мұғалімдері қатысты. Онлайн-кездесуде мектеп әкімшілігі ЕНТ-ға дайындығы және оқушы тәртібіне байланысты өз ойларын айтты. Ал ата-аналар белсенділік танытып, көкейлерінде жүрген сұрақтарына жауап алып, өз ұсыныстарын және алғыстарын жеткізді.  ✔Күн тәртібінде: Оқушылардың білім сапасын арттыру мақсатында жүргізіліп жатқан жұмыстар, 9-11 сыныптардың қорытынды аттестациялауын ұйымдастыру туралы директордың ОІЖО Омарова Ш.З.✅№93 жалпы білім беретін мектеп мұғалімдердің аудандық, қалалық деңгейдегі тәжірибе алмасу мақсатында өткізген шеберлік сыныптары  туралы  директордың ОІЖО Қалназарова Д.Ш. ✅Қашықтан оқу кезінде «Ел жастары» бағдарламасы аясында іске асырылып жатқан тәрбие жұмыстары. Құқық бұзушылықтың алдын алу мақсатында өткізілген шаралар туралы айтып өтті. ТІЖО А.Ч.Қожалимова ✅Балалар мен жасөспірімдер    ұйымдарының қашықтан оқу кезінде жұмыс жасауы  туралы     аға-тәлімгер  Сейітақынұлы Қ. ✅2020-2021 оқу жылындағы №93 жалпы білім беретін мектептің жасөспірімдер арасындағы өзіне-өзі қол жұмсаудың алдын алу бойынша жүргізілген іс-шаралары туралы мектеп психологі Базарымбетова Г.Е. айтып өтті.