Алматы қаласы Білім басқармасының
«№93 жалпы білім беретін мектеп»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі:
+7(727) 274 14 39
Есепші бөлімі:
+7(727) 274 14 39
Нашар көрушілер
нұсқасы
02
наурыз
2022

ЖАС БҮЛДІРШІНДЕР ЭСТАФЕТАСЫ

Мектебіміздің жас бүлдіршіндерінің спортқа және салауатты өмір салтына деген қызығушылығын арттыру мақсатында 3-сынып оқушылары арасында «Біз — дені сау ұланбыз!» тақырыбында эстафета ұйымдастырылды.

Спорттық эстафета бірнеше кезеңнен тұрды. Балалар жүгіру, секіру және т.б. сайыстар бойынша өзара бақ сынасты. Эстафета қорытындысы бойынша 3 «Ә» сынып оқушыларынан құралған «Ұлан» тобы жеңімпаз атанды.

Жеңімпаз атанған топтың оқушылары мектеп әкімшілігі тарапынан арнайы марапаттарға ие болды.