Алматы қаласы Білім басқармасының
«№93 жалпы білім беретін мектеп»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі:
+7(727) 274 14 39
Есепші бөлімі:
+7(727) 274 14 39
Нашар көрушілер
нұсқасы
01
маусым
2022

⚜️1-МАУСЫМ — БАЛАЛАРДЫ ҚОРҒАУ КҮНІ

💬Құрметті балалар! Қадірлі ата-аналар!
Баршаңызды 1 маусым – Халықаралық балаларды қорғау күнімен шын жүректен құттықтаймыз!

Жаздың алғашқы күнімен келетін мереке балғын бүлдіршіндеріміз үшін ең қуанышты жəне жыл сайын асыға күтетін басты мереке.

Ата-ананың ең үлкен бақыты – баласының жақсы азамат болып өсуі болса, ілгері ойлайтын мемлекет пен қоғамның да басты мақсаты – елге ие болатын білімді де Отаншыл ұрпақ тәрбиелеу. Себебі, бүгінгі ұрпақ – ертеңгі ел үміті, ұлттың жалғасы. Сондықтан бала қуанышын бағына балаған ата-ана үшін де, бар тілегі мен елдік мұратын балалармен байланыстырған мемлекет үшін де бұл мерекенің маңызы зор.

Отбасынан басталған бақытты балалық шақтарыңыз Отанның адал азаматы болуға жетелесін. Болашақтарыңыз жарқын, аспандарың ашық болсын! Елімізді өркендетер келешектің кемеңгері болыңыздар! Әрқашан жүздеріңізден күлкі, жүректеріңізден мейірім кетпесін!