Алматы қаласы Білім басқармасының
«№93 жалпы білім беретін мектеп»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі:
+7(727) 274 14 39
Есепші бөлімі:
+7(727) 274 14 39
Нашар көрушілер
нұсқасы
04
маусым
2021

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ МЕМЛЕКЕТТІК РӘМІЗДЕРІ КҮНІ

🇰🇿ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ МЕМЛЕКЕТТІК РӘМІЗДЕРІ КҮНІ ҚҰТТЫ БОЛСЫН!

💬Құрметті әріптестер!
Қадірлі ата-аналар мен қымбатты шәкірттер!

Баршаңызды 4 маусым – Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздері күнімен шын жүректен құттықтаймыз! Қай мемлекеттің де мәртебесіне, халқының рухына, абыройы мен намысына сол елдің мемлекеттік рәміздері тікелей әсер етеді. Өйткені ұлттық нышандарымыздың өн бойында біздің сан ғасырлық тарихымыз, бабаларымыздың жүріп өткен сан тараулы, қилы кезеңді ерлік жолдары жатыр, бір кездері өркениет ордасына айналған ұлы даланың тынысы тұр.

Ел тәуелсіздігі мен мемлекеттік рәміздер — егіз ұғым. Мемлекеттік рәміздер – еліміздің егемендігі мен тәуелсіздігін әлемге танытатын, әрі мемлекетіміздің өткені мен бүгіні және болашағы арасындағы сабақтастықтың жарқын бейнесі. Әлемде 7000-нан астам ұлт болса, олардың басым көпшілігінде өздерінің салт-дәстүрі мен тұрмыс тіршілігінен хабар беретін нышандары жоқ. Ал біз ширек ғасырдың ішінде өз тәуелсіздігімізді жариялап, мемлекеттігімізді айқындайтын ұлттық нышандарымызды қабылдадық.

Мемлекеттік рәміздер – ұлттың анықтамасы. Сондықтан біздің әрбіріміз Отанды қалай құрметтеп, елімізді қалай сүйе алсақ, мемлекеттің нышандарын да сол дәрежеде қастер тұтып, құрметпен қарауға тиіспіз.

Әрқашан Елтаңбамыздың еңсесі биік, Мемлекеттік Туымыз көк жүзінде қалықтап, әлемдік табыстарымыздың салтанатында Әнұранымыз шырқала берсін, ағайын! Сіздерге зор денсаулық, отбасыларыңызға бақыт тілейміз!