Алматы қаласы Білім басқармасының
«№93 жалпы білім беретін мектеп»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі:
+7(727) 274 14 39
Есепші бөлімі:
+7(727) 274 14 39
Нашар көрушілер
нұсқасы
30
тамыз
2021

Конституция күні

💬Қадірлі әлеумет!
 
🇰🇿Баршаңызды Қазақстан Республикасының Конституциясы күнімен құттықтаймыз!
 
📜Конституция – тәуелсіздік пен мемлекеттіліктің, өсу мен өркендеудің басты кепілі. Ата заңымыз құқықтық, зайырлы, әлеуметтік және біртұтас мемлекет болып қалыптасуымыздың негізін қалап берді.
 
Бізді бүгінгі жетістіктерге жетелеген барлық бастама, ең алдымен, еліміздің басты құжатына табан тірейді. Алдағы уақытта да Мемлекет басшысының елімізді жаңғырту бағдарын іске асыруда Конституцияның маңызы зор. Сондықтан Ата заңымызды ардақтау – әр қазақстандықтың азаматтық парызы.
 
Мерекемен құттықтай отырып, әр шаңыраққа бақ-береке, елімізге бейбіт өмір тілейміз! Тәуелсіз Қазақ елі жасай берсін!