15
мамыр
2021
15 мамыр - Халықаралық отбасы күні
👨👩👧👦🏠ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ОТБАСЫ КҮНІ ҚҰТТЫ БОЛСЫН!
«Отан отбасынан басталады» дейді дана халқымыз. Жанұяның береке-бірлігі – әр сәбидің, әр баланың болашақ қадамы. Өйткені, бала ұяда не көрсе, ұшқанда соны іледі. Бала отбасының жылуын, қолдауын сезінгенде ғана бақытты болып ержетеді.
15 мамыр - Халықаралық отбасы күні. Атаулы күн 1993 жылы БҰҰ-ның Бас Ассамблеясымен бекітілген. Бұл күнді белгілеу түрлі мемлекеттерде қоғамның назарын отбасына аудару қажеттігінен туындаған. Отбасы күні алғаш рет 1994 жылы аталып өтті.
Отбасы – сүйіспеншіліктің, құрмет пен ынтымақтастықтың ошағы, яғни кез келген зиялы қоғамның діңгегі. Отбасының аман-саулығы әрбір елдің дамуы мен келешегінің өлшемі деп білеміз. Сондықтан да бүгінгі мерекеде бір-біріңізге әдемі де әсерлі сөздер арнап, ерекше сыйластық көрсете біліңіздер! Тек қана бүгін емес, жылдың әрбір минутында, әрбір сағатында, жанұяңызды ыстық ықыласыңыз бен шексіз махаббатыңызға бөлей жүріңіз!