Алматы қаласы Білім басқармасының
«№93 жалпы білім беретін мектеп»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі:
+7(727) 274 14 39
Есепші бөлімі:
+7(727) 274 14 39
eOtinish.kz
Нашар көрушілер
нұсқасы
31
тамыз
2021

«МЕКТЕПКЕ ЖОЛ» АКЦИЯСЫ – БАЛАЛАРҒА ҚУАНЫШ СЫЙЛАЙТЫН ШАРА

Елімізде жыл сайын дәстүрлі түрде 1 тамыздан 30 қыркүйекке дейін республикалық «Мектепке жол» акциясы өтеді.

«Мектепке жол» акциясы – балаларға қуаныш сыйлап, олардың әлеуметтік белсенділігін арттыруға қолдау көрсететін игілікті шара.

Басты мақсат – аз қамтылған және көпбалалы отбасыларға көмек көрсету, балаларды мектепке қажетті құралдармен қамтамасыз ету.

Біздің болашағымыздың кепілі – білімді ұрпақ. Ал баланың жастайынан білімді, алғыр болуы үшін ата-анасы мен ұстазының тәлімінен бөлек, материалдық жағдайының да жақсы болғаны маңызды. Жыл сайынғы дәстүр бойынша біздің мектеп ұжымы да биылғы оқу жылында бұл шараға өзіндік үлес қосты.

Тамыздың бірінен басталған дәстүрлі республикалық «Мектепке жол» акциясын қолдау мақсатында мектеп директоры Тұрмахан Рита Тәжімқызының ұйытқы болуымен оқушыларға қажеттi оқу құралдары табыс етілді. Меценаттар мен мектеп ұжымы балаларға қуаныш сыйлап, әлеуметтік қолдау көрсетті. Акцияға қатысқан оқушылар мен ата-аналар мектеп ұжымына ризашылығын білдіріп, өз алғыстарын жеткізді.