Алматы қаласы Білім басқармасының
«№93 жалпы білім беретін мектеп»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі:
+7(727) 274 14 39
Есепші бөлімі:
+7(727) 274 14 39
Нашар көрушілер
нұсқасы
01
сәуір
2021

Хабарландыру

📢📢 Ата-аналар назарына❗❗ ✅Биылдан бастап балаларды бірінші сыныпқа қабылдау құжаттарын "Bilimportal.kz"  Egov.kz электронды үкімет порталы арқылы тапсыруға болады.  ✅Құжаттарды 1 сәуір мен 1 тамыз аралығында Egov.kz арқылы электронды түрде, болмаса ХҚКО-ға не мектепке барып тапсыруға болады. Egov.kz порталында құжат 1 сәуірден бастап 1 тамызға дейін қабылданады. ✅Ата-аналар порталдың "Білім", "Орта білім" бөлімдеріне кіріп, өтініш беруі тиіс. Оған мектепке қажетті құжаттарды қоса жолдайды. 🔴Қандай құжаттар қажет❓ ✔ата-аналардың немесе оларды алмастыратын тұлғалардың өтініші; ✔баланың туу туралы куәлігінің көшірмесі; ✔"Бала денсаулығы паспорты" 026/у-3 нысаны бойынша денсаулық жағдайы туралы құжат; ✔063/у нысаны бойынша денсаулық жағдайы туралы құжат; ✔3х4 көлеміндегі 2 фото. ✅Баланың ата-анасы немесе өзге де заңды өкілдері баласын оқыту үшін бос орын болған жағдайда кез келген білім беру ұйымын таңдай алады. Алайда бірінші кезекте сол аумақтың тұрғындарының құжаттары қабылданады. 🔴НАЗАР АУДАРЫҢЫЗ❗   Бірінші сыныпқа өтініштерді қабылдау ағымдағы жылдың 1 сәуірден бастап  1 тамызға  дейін қолжетімді болады». Қызметті онлайн алу 🔺️1. Порталда авторизациядан өтіп "Онлайн сұратым" батырмасын басыңыз. 🔺️2. Өтінімді толтырып оған ЭЦҚ (электрондық цифрлық қолтаңба) немесе смс-паролінің көмегімен қол қойыңыз (міндетті түрде мобильдік азаматтар базасында тіркеу бар болу қажет). 🔺️3. Жеке кабинетте ("Қызметтерді алу тарихы" бөлімінде) көрсетілген уақыт ішінде келіп түсетін сіздің өтініміңізді өңдеу туралы хабарламамен таныстырылды. @edu.almaty