Алматы қаласы Білім басқармасының
«№93 жалпы білім беретін мектеп»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі:
+7(727) 274 14 39
Есепші бөлімі:
+7(727) 274 14 39
eOtinish.kz
Нашар көрушілер
нұсқасы
09
мамыр
2021

🎗️ҰЛЫ ОТАН СОҒЫСЫНЫҢ АРДАГЕРІНЕ ҚҰРМЕТ

🎗️ҰЛЫ ОТАН СОҒЫСЫНЫҢ АРДАГЕРІНЕ ҚҰРМЕТ КӨРСЕТІЛДІ

Тарихымыздағы ең даңқты және ел үшін елеулі күндердің бірі – Ұлы Отан соғысындағы Жеңіс күніне биыл 76 жыл толды. Бірақ Ұлы Жеңіске үлес қосқан ер-азаматтардың, батыр ағаларымыз бен аталарымыздың ерлігі туралы естеліктер қасиетті және ұрпақтан ұрпаққа берілуі тиіс.

Біз, соғыс қасіретін білмеген ұрпақ, соғыс ардагерлеріне мүмкіндігінше көбірек көңіл аударуымыз қажет және қатал соғыс кезіндегі олардың шыншыл әңгімелерімен егжей-тегжейлі танысуға тырысуымыз керек.

Атаулы мерекелер мен Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 76 жылдығы қарсаңында мектеп ұжымы Ұлы Отан соғысының ардагері Джубаниязов Бисенгали Айтжанұлының шаңырағына арнайы ат басын бұрып, 96 жастағы қарияны мерекемен құттықтады. Мектеп ұжымының ыстық ықыласқа толы сәлемін жеткізіп, сый-сыяпат табыстады. Өз кезегінде ардагер қиын кезең туралы, шайқастың сұрапыл сәттері жөнінде және жеңіс оқиғаларымен бөлісті. Ардагер мектеп директоры мен қызметкерлеріне алғыс айтып, денсаулық, амандық, жұмыста табыс тіледі.