Алматы қаласы Білім басқармасының
«№93 жалпы білім беретін мектеп»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі:
+7(727) 274 14 39
Есепші бөлімі:
+7(727) 274 14 39
Нашар көрушілер
нұсқасы
12
ақпан
2021

Онлайн сұхбат барысында суицид пен діни фанатизмнің негізгі себептері

🎥Ақпан айының он екінші жұлдызында мектебімізде ҚР Тұңғыш Президенті – Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласы мен Тәрбие тұжырымдамасының басым бағыттарын жүзеге асыру аясында аудан көлемінде «Ұрпақ тәрбиесіндегі өзекті мәселелер: суицид пен діни фанатизмнің алдын алу» атты онлайн сұхбат өткізілді.

📜Онлайн сұхбаттың қонағы: республикамызға танымал этнопедагог-ғалым, педагогика ғылымдарының кандидаты, Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың қауымдастырылған профессоры Қоңырбаева Сараш Сахиқызы.

📝Онлайн сұхбат барысында суицид пен діни фанатизмнің негізгі себептері талданды. Танымал педагог, психологтардың еңбектеріне сүйене отырып, аталған мәселелердің шешімдері туралы тұжырымды ойлар айтылды. Сұхбат қонағы өзінің талай жылдық тәжірибелерімен бөлісіп, өмірлік мысалдар мен дәлелдер келтірді. Оқушылар мен ұстаздардың сұрақтарына жауап беріп, танымдық, тағылымдық мәні зор ақпараттар берді. Іс-шара соңында аудан мектептері мен басшылар өз алғыстарын жеткізіп, онлайн сұхбаттың маңызды тақырып төңірегінде берері мол кездесу болғандығын ерекше атап өтті.