Алматы қаласы Білім басқармасының
«№93 жалпы білім беретін мектеп»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі:
+7(727) 274 14 39
Есепші бөлімі:
+7(727) 274 14 39
Нашар көрушілер
нұсқасы
02
желтоқсан
2020

1-желтоқсан — Тұңғыш Президент — Елбасы күні.

1-желтоқсан — Тұңғыш Президент — Елбасы күні. Тұңғыш президент күні 2011 жылды 10 желтоқсанында парламент сенатының толық отырысында қол қойылып, бүкіл елден қолдау таба білген мереке. 

Бұл мемлекеттік деңгейде аталып өтілетін мейрамның маңызы да ерекше. Тарихы да тереңде жатыр. 1991 жылдың 1 желтоқсанында тұңғыш рет қазақ даласында Президент сайлауы болып өтті. Міне, осынау тарихи күні қазақтың маңдайына Нұрсұлтандай ұлт перзентін жазды. Бүкілхалықтық сайлауда дауыс берушілердің 98,7 даусына ие болып бірауыздан ел Президенті атанды. Қазақстанның тағдырын өз қолына алған ұлт көшбасшысы дәл сол жылы 16-желтоқсанда бабаларымыздың арманына айналған Қазақстан Республикасының тәуелсіздігін бүкіл елге жариялау бақытына ие болды. Ол елге тәуелсіздік сыйлаған тұлға ретінде де үлкен құрметке ие.

Еліміздің ел болу шежіресі сан түрлі белестерден тұрады. Сол белестердің ең алғашқысы ол еліміздің Тұңғыш Президентінің сайлануы болатын. Тәуелсіз Қазақстанды сындарлы жолдардан, сан түрлі белестерден құлатпай, сүріндірмей алып шығу үшін де үлкен қажыр қайрат пен, ұлтына, қазағына деген сүйіспеншілік керек еді. Нұрсұлтан Назарбаевтай тұлғаның бойынан сол қасиеттердің барлығы дерлік табыла білді. Халықты қашанда білікті басшы шыңға шығарады емес пе? Ал, біліксіз басшы шыңырауға түсіреді. Біздің еліміздің шыңға өрлеп, бүкіл әлем мойындаған ел болуы аянбай еңбек еткен басшымыздың арқасы екенін бүгінде баршамызға аян.