Алматы қаласы Білім басқармасының
«№93 жалпы білім беретін мектеп»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі:
+7(727) 274 14 39
Есепші бөлімі:
+7(727) 274 14 39
Нашар көрушілер
нұсқасы
13
қыркүйек
2019

Тіл мерекесі

Бүгін жыл сайын дәстүрлі түрде ұйымдастырылатын Тіл мерекесіне арналған онкүндіктің ашылу салтанаты болды. Салтанатты жиынды қазақ тілі мен әдебиеті ӘБ-нің жетекшісі А.Ж.Базильбекова жүргізді. Атаулы мерекеге орай барлық сынып оқушылары белсенділік танытып, қабырға газеттері мен өлең шумақтарын көрермен назарына ұсынды. 11-сынып оқушылары сахналық қойылым арқылы тілдің қоғамдағы маңызын ашып көрсетті. Жиында құттықтау сөз алған тарих пәнінің мұғалімі Б.Б.Алиясқарова қазақ тілінің мемлекеттік мәртебесі туралы мәлімет беріп өтті. Тіл мерекесіне арналған онкүндік жоспарына сәйкес алдағы күндері түрлі бағыттағы ісшаралар өткізу жоспарланып отыр.