Алматы қаласы Білім басқармасының
«№93 жалпы білім беретін мектеп»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі:
+7(727) 274 14 39
Есепші бөлімі:
+7(727) 274 14 39
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың 2020 жылдың 1-қыркүйек күні елге арнаған Жолдауы
15
қыркүйек
2020

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың 2020 жылдың 1-қыркүйек күні елге арнаған Жолдауы

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың 2020 жылдың 1-қыркүйек күні елге арнаған Жолдауы қоғам тарапынан зор шынайы сезіммен қабылданды. Бағдарламалық маңызы терең, тұжырымдамасы анық бұл Жолдау нәтижелі жұмыстарға бастайтынына сенімдіміз.
Президент әлемдік сын-қатерлерге төтеп беретін даму мен жаңаруды күн тәртібіне қоюы бәрімізге елеулі міндет жүктейді.
Білім мен рухани жаңғыруға байланысты осыған дейінгі ізденістерімізді Президент нұсқаған дамудың жаңа мүмкіндіктері сапаландыра түседі деп санаймыз.
Жолдауда мемлекеттік басқару, жаңа жағдайдағы экономикалық даму, цифрландыру және т.б. мәселелерге байланысты жаңа ұсыныстар айтылып, тың бағыттар көрсетілді. Соның ішінде педагогика саласы мен мамандықтарын сапаландыруға байланысты тұжырымдар, білім мазмұнын замана талабына сай құруға қатысты ойлар, жаратылыстану ғылымдары мен ақпараттық технологияларды озық жүйе аясында дамытуға қатысты байыптамалар сала мамандарының көкейінен шығып отыр.
Президенттің экология және биологиялық әркелкілікті қорғау, азаматтардың мемлекетті басқару ісіне қатынасуы сынды ойлары – жаңашыл және өзекті. Сондай-ақ денсаулық сақтау саласына, жас ғалымдарды қолдауға қатысты маңызды тұжырымдар зор мүмкіндік туғызады деп сенеміз.
Жолдауда қоғамды жаңа экономикалық жағдайға бейімдеу тезисі ерекше айтылды. Сондай-ақ теңгерімді аумақтық дамуды қалыптастыруға байланысты Президент бастамасы елордадан өңірлерге дейінгі басқару жүйесіне жақсы ықпал етеді деген пікірдеміз.
Барлық салада, әсіресе білім саласында отаншылдық, бәсекеге қабілетті білім, тәжірибе қай қиындықтан болсын алып шығады. Жолдаудағы мемлекет тілі бастаған үш тілді терең меңгеру жайы, орта мектептің білім мазмұны, кәсіптік білімнің әлеуеті, цифрлы білік, оқу жүйесін сапаландыруға жеке капитал тарту т.б. елеулі тұжырымдар саланың жаңа жағдайдағы дамуына кең жол ашады деп ойлаймыз.