Алматы қаласы Білім басқармасының
«№93 жалпы білім беретін мектеп»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі:
+7(727) 274 14 39
Есепші бөлімі:
+7(727) 274 14 39
eOtinish.kz
Нашар көрушілер
нұсқасы
27
наурыз
2026

КӘСІПТІК БАҒДАР БЕРУ

КӘСІПТІК БАҒДАР БЕРУ
Болашаққа нық қадам:
Бүгін №93 мектебіміздің 9-сынып оқушылары үшін ерекше күн болды! «Атакент» КЦДС базасында өтіп жатқан «WorldSkills Almaty – 2026» қалалық чемпионаты аясындағы «Менің болашақ мамандығым» жәрмеңкесіне барып қайттық.
Шара барысында оқушыларымыз бен ата-аналарымыз түрлі колледждердің тыныс-тіршілігімен танысып, мамандық таңдауда құнды кеңестер алды.
Тәжірибе: Колледж студенттерінің шеберлік сағаттарын көріп, болашақ мамандықтардың қыр-сырын өз көзімізбен көрдік.
Қолдау: Мектептің кәсіби бағдар беруші мұғалімдері мен сынып жетекшілері әр оқушыға бағыт-бағдар беріп, таңдау жасауға көмектесті.
«Мамандық таңдау — өміріңнің бір кірпішін дұрыс қалау». Бүгінгі шарадан оқушыларымыз үлкен әсермен және нақты мақсаттармен оралды.
Қатысқан барлық ата-аналарға, ұйымдастырушыларға және  оқушыларымызға алғыс айтамыз! Болашақ маман иелеріне сәттілік тілейміз!