Алматы қаласы Білім басқармасының
«№93 жалпы білім беретін мектеп»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі:
+7(727) 274 14 39
Есепші бөлімі:
+7(727) 274 14 39
Нашар көрушілер
нұсқасы
16
қаңтар
2023

«МАМАНДЫҚ ТАҢДАУ ФОРМУЛАСЫ» тақырыбындағы КӘСІПТІК БАҒДАР БЕРУ ЖИЫНЫ

Кәсіптік бағдар беру - қоғамның қажеттілігіне қарай әрбір оқушының қабілеттілігі мен бейімділігін ескере отырып, кәсіпке қызығушылығын қалыптастыруға және болашақ мамандығын саналы түрде таңдауға көмектесуде, мақсатты атқарылатын жұмыс. Кәсіптік бағдар беру жұмысы жас ұрпақтың саналы түрде болашақ мамандығын қателеспей таңдауға мүмкіндік жасайды

Осы мәселеге байланысты мектебімізде 2023 жылдың 16 қаңтар күні жоғары сынып оқушылары үшін Халықты жұмыспен қамту орталығының маманы Еркеш Садыққызымен арнайы кездесу өтті. 

Кездесуде орталық маманы Қазақстандағы іргелі оқу орындарының білім мен ғылым саласында жеткен жетістіктеріне тоқталып, сұранысқа ие мамандықтар жайлы толыққанды мағлұматтар берілді. Кездесу аясында оқушылар мамандықтар жайында ақыл-кеңестер, керекті ақпараттар алды.