Алматы қаласы Білім басқармасының
«№93 жалпы білім беретін мектеп»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі:
+7(727) 274 14 39
Есепші бөлімі:
+7(727) 274 14 39
Нашар көрушілер
нұсқасы
15
мамыр
2021

"Мамандық таңдау - маңызды іс" кәсіптік бағдар


"Мамандық таңдау - маңызды іс" кәсіптік бағдар
        Алматы сервистік қызмет көрсету колледжінің математика пәнінің оқытушысы Наринбаева Асия Нуруаевна 9 "А", 9"Ә", 11 "А" сынып оқушыларымен кәсіби бағдар жұмысын өткізді.  Мектеп оқушыларына мамандықтарын дұрыс таңдауға бағыт беру маңызды  іс екенін айтып өтті.  Сол себепті қазіргі таңда түлектерге кәсіби бағдар ұсынып, кеңес айту үлкен маңызға ие. Осыған орай Наринбаева Асия Нуруаевна мамандықтар жайында жан-жақты мәліметтер берді.  Бітіруші түлектермен өткен кездесуге  директордың оқу-тәрбие ісі жөніндегі орынбасары   Д.Ш.Қалназарова және сынып жетекшілері: Ә.Ж.Қалназар, Г.Қ.Закария, А.Х.Сыдыкова онлайн қатысты. Түлектерге айтылған жайларға көңіл қойып тыңдау, өздеріңіздің болашақ мамандықтарыңызды дұрыс таңдауға септігін тигізеді. Қазіргі заман талабына сай мамандықтарды игерген жастарға сұраныс өте  жоғары. Нарықтағы бәсекелестік күн өткен сайын артып келеді. Бүгінгі заман талабы кәсіптік білім беру саласында адамның табиғи ерекшеліктеріне сәйкес мыңдаған мамандықтар мен кәсіптерге дайындау – кезек күттірмейтін талаптардың бірі-деді.
    Жұмыс жоғары деңгейде өтті. Оқушылар өздеріне керек мәліметтерін алды.                                                                                                Мектеп оқушыларына колледждің  материалды – техникалық базасы мен тарихы, мамандықтардың таныстырымы, бейнеролик көрсетіліп, басқа да ақпараттар ұсынылды.