Алматы қаласы Білім басқармасының
«№93 жалпы білім беретін мектеп»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі:
+7(727) 274 14 39
Есепші бөлімі:
+7(727) 274 14 39
eOtinish.kz
Нашар көрушілер
нұсқасы
14
ақпан
2023

КӘСІПТІК БАҒДАР БЕРУ ЖҰМЫСЫ

Кәсіптік бағдар беру - қоғамның қажеттілігіне қарай әрбір оқушының қабілеттілігі мен бейімділігін ескере отырып, кәсіпке қызығушылығын қалыптастыруға және болашақ мамандығын саналы түрде таңдауға көмектесуде, мақсатты атқарылатын жұмыс. Кәсіптік бағдар беру жұмысы жас ұрпақтың саналы түрде болашақ мамандығын қателеспей таңдауға мүмкіндік жасайды

Осы мәселеге байланысты 2023 жылдың 14 ақпан күні мектебіміздің 9-сынып оқушылары «Әділет» колледжінің мамандарымен кездесті. 

Кездесуде мамандар колледждің білім мен ғылым саласында жеткен жетістіктеріне тоқталып, сұранысқа ие мамандықтар жайлы толыққанды мағлұматтар берілді. Кездесу аясында оқушылар мамандықтар жайында ақыл-кеңестер, керекті ақпараттар алды.