Алматы қаласы Білім басқармасының
«№93 жалпы білім беретін мектеп»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі:
+7(727) 274 14 39
Есепші бөлімі:
+7(727) 274 14 39
eOtinish.kz
Нашар көрушілер
нұсқасы
03
қараша
2025

МЕКТЕП ПРЕЗИДЕНТІ САЙЛАНДЫ

МЕКТЕП ПРЕЗИДЕНТІ САЙЛАНДЫ
2025 жылдың қазан айында мектебіміздің саптық жиынында мектеп оқушыларының өзін-өзі басқару ұйымының президентін ұлықтау рәсімі өтті.
Мектеп президенттігіне үміткер оқушылар өзіндік ұстанымдары мен қағидаларын айқындайтын бағдарламасын қоса ұсынды.
Әрбір үміткердің батылдықтарын атап өтуге болады: өз көзқарасын ашық білдіру, пікірін қорғау үшін дәлелдерді келтіру және көшбасшылық қасиеттерін көрсету мүмкіндігіне ие болды.
Мектеп Парламентінің отырысында ең көп дауыс жинаған 9 «Ә» сынып оқушысы Ақылбек Арыстанбек 2025-2026 оқу жылының мектеп президенті болып сайланды.
Мектеп директоры мен ұжымы жаңа президент Ақылбек Арыстанбекті өзін-өзі басқару ұйымының жетекшісі болып сайлануымен құттықтап, оған толағай табыстар тіледі. Өз кезегінде Арыстанбек оқушылар мен ұстаздар алдында салтанатты ант қабылдады және мектептің өзіне деген жоғары сеніміне алғысын білдірді.