Алматы қаласы Білім басқармасының
«№93 жалпы білім беретін мектеп»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі:
+7(727) 274 14 39
Есепші бөлімі:
+7(727) 274 14 39
eOtinish.kz
Нашар көрушілер
нұсқасы
16
қыркүйек
2022

МЕКТЕП ПРЕЗИДЕНТІ САЙЛАНДЫ

Бүгін мектебіміздің саптық жиынында мектеп оқушыларының өзін-өзі басқару ұйымының президентін ұлықтау рәсімі өтті.

Сайлауалды кезеңде мектеп президентіне үміткер 9 оқушы сайлауға қатысу үшін өтінім білдірді. Олар: Бақдәулет Әлихан, Ахметжанова Руана, Берікбай Нәзік, Қыдырбек Әлихан, Идрисов Шыңғыс, Мақсатұлы Темірлан, Ешан Алмас, Қаусаова Атэм, Шарибов Алишер. Мектеп президенттігіне үміткер оқушылар өзіндік ұстанымдары мен қағидаларын айқындайтын бағдарламасын қоса ұсынды. 

Әрбір үміткердің батылдықтарын атап өтуге болады: өз көзқарасын ашық білдіру, пікірін қорғау үшін дәлелдерді келтіру және көшбасшылық қасиеттерін көрсету мүмкіндігіне ие болды.

Мектеп президентінің сайлауы 2022 жылдың 15 қазанында белгіленген ережелерге сәйкес онлайн дауыс беру арқылы өтті. Дауыс беруге жалпы саны 273 адам қатысты. 

Есеп комиссиясының шешімі бойынша ең көп дауыс санын (47,6%) жинаған 10 «Ә» сынып оқушысы Мақсатұлы Темірлан 2022-2023 оқу жылының мектеп президенті болып сайланды. 

Мектеп директоры мен ұжымы жаңа президент Мақсатұлы Темірланды қызметке тағайындалуымен құттықтап, оған толағай табыстар тіледі. Өз кезегінде Темірлан оқушылар мен ұстаздар алдында салтанатты ант қабылдады және мектептің өзіне деген жоғары сеніміне алғысын білдірді.