Алматы қаласы Білім басқармасының
«№93 жалпы білім беретін мектеп»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі:
+7(727) 274 14 39
Есепші бөлімі:
+7(727) 274 14 39
Нашар көрушілер
нұсқасы
23
қазан
2023

МЕКТЕП ПРЕЗИДЕНТІ САЙЛАНДЫ

Бүгін мектебіміздің саптық жиынында мектеп оқушыларының өзін-өзі басқару ұйымының президентін ұлықтау рәсімі өтті.

Сайлауалды кезеңде мектеп президентіне үміткер 5 оқушы сайлауға қатысу үшін өтінім білдірді. Олар: Ахметжанова Руана, Еркінғалиқызы Инабад, Болатова Малика, Қыдырбек Әлихан, Әбдірахман Нұрай. Мектеп президенттігіне үміткер оқушылар өзіндік ұстанымдары мен қағидаларын айқындайтын бағдарламасын қоса ұсынды. 

Әрбір үміткердің батылдықтарын атап өтуге болады: өз көзқарасын ашық білдіру, пікірін қорғау үшін дәлелдерді келтіру және көшбасшылық қасиеттерін көрсету мүмкіндігіне ие болды.

Мектеп Парламентінің отырысында ең көп дауыс жинаған 10 «А» сынып оқушысы Қыдырбек Әлихан Жамбасбайұлы 2023-2024 оқу жылының мектеп президенті болып сайланды. 

Мектеп директоры мен ұжымы жаңа президент Әлихан Жамбасбайұлын өзін-өзі басқару ұйымының жетекшісі болып сайлануымен құттықтап, оған толағай табыстар тіледі. Өз кезегінде Әлихан оқушылар мен ұстаздар алдында салтанатты ант қабылдады және мектептің өзіне деген жоғары сеніміне алғысын білдірді.