Алматы қаласы Білім басқармасының
«№93 жалпы білім беретін мектеп»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі:
+7(727) 274 14 39
Есепші бөлімі:
+7(727) 274 14 39
eOtinish.kz
Нашар көрушілер
нұсқасы
15
қыркүйек
2022

МЕКТЕП ПАРЛАМЕНТІНІҢ АЛҒАШҚЫ ОТЫРЫСЫ ӨТТІ

Бүгін мектебімізде оқушылардың өзін-өзі басқару ұйымының (мектеп Парламентінің) алғашқы отырысы өтті.

Отырыста қаралған мәселелер:
1. Өзін-өзі басқару ұйымының 2022-2023 оқу жылына арналған жұмыс жоспары.
2. Мектеп Президенттігіне үміткерлерді ұсыну. 
3. Мектеп Президентін сайлау бойынша дауыс беруді ұйымдастыру. 
4. Фракция жұмыстарымен таныстыру. 
5. Мектептің қоғамдық өміріне қатысты ұсыныстарды талқылау.

Өзін-өзі басқару ұйымының алғашқы отырысының шешімі бойынша мектеп Президенттігіне үміткер ретінде 9 оқушы дауыс беруге қатысады. Сонымен қатар, дауыс беруге қатысушылар үшін мектеп Президенттігіне үміткер оқушылардың арнайы бағдарламасы қоса ұсынылды.