Алматы қаласы Білім басқармасының
«№93 жалпы білім беретін мектеп»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі:
+7(727) 274 14 39
Есепші бөлімі:
+7(727) 274 14 39
Нашар көрушілер
нұсқасы
03
қазан
2022

ДУБЛЕР КҮНІ

Мұғалімдер күніне орай 2022 жылдың 3 қазан күні мектебімізде «ДУБЛЕР КҮНІ», яғни білім алушылардың өзін-өзі басқару күні өтті.

«Дублер күнінің» мақсаты — мектептегі өзін-өзі басқару жұмысын жандандыру, тұлғаның көшбасшылық қасиеттерін ашу және білім алушылардың ұйымдастырушылық қабілеттерін іске асыру.

«ДУБЛЕР КҮНІН» өткізу мақсатында мектепте Парламент жетекшісі Мақсатұлы Темірлан бастаған бастамашыл топ құрылды. Сонымен қатар, жоспар бойынша алдын ала өзін-өзі басқару күнін өткізу ережесі, мақсаты мен міндеттері, өткізу форматы мен тәртібі айқындалды.

«Дублер күні» аясында мектеп әкімшілігі мен пән мұғалімдерінің рөлін мектеп Парламентінің жетекшісі мен мүшелері, белсенді оқушылар атқарды.