Алматы қаласы Білім басқармасының
«№93 жалпы білім беретін мектеп»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі:
+7(727) 274 14 39
Есепші бөлімі:
+7(727) 274 14 39
eOtinish.kz
Нашар көрушілер
нұсқасы
20
қыркүйек
2023

«СӨЗ МЕРГЕН» ТАНЫМДЫҚ-ИНТЕЛЛЕКТУАЛДЫҚ САЙЫСЫ

22 қыркүйек Қазақстан халқының тілдері күні мерекесіне орай оқушылардың бойында тілге деген құрмет сезімін қалыптастыру және ұлттық құндылықтарды ұлықтап, патриоттық рухта тәрбиелеу мақсатында 2023 жылдың 20 қыркүйек күні «Сөз мерген» танымдық-интеллектуалдық сайысы өтті. 

Сайысқа қатысушы оқушылар 5 кезең бойынша өз бақтарын сынады. Әрбір кезеңнің өзіндік ерекшелігі болды: мақал-мәтелдердің екінші жартысын табу, көнерген сөздер мен тұрақты тіркестердің мәнін ашу, ұлттық кинофильмді табу және т.б. 

Сайыс қорытындысы бойынша жүзден жүйрік, мыңнан тұлпар атанған қатысушылар марапатқа ұсынылды.