Алматы қаласы Білім басқармасының
«№93 жалпы білім беретін мектеп»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі:
+7(727) 274 14 39
Есепші бөлімі:
+7(727) 274 14 39
Нашар көрушілер
нұсқасы
01
желтоқсан
2022

«ЕҢСЕЛІ ЕР — ЕЛ ҚОРҒАНЫ» тақырыбындағы ӘСКЕРИ САЙЫС

16 желтоқсан ТӘУЕЛСІЗДІК КҮНІ мерекесіне орай 2022 жылдың 1 желтоқсанында мектебімізде «Еңселі ер — ел қорғаны» атты әскери сайыс өтті. 

Әскери сайыстың мақсаты — оқушыларымыздың бойында  отансүйгіштік сезімін дамыту, елімізді қорғауға деген қызығушылығын ояту, жастардың тәуелсіздік туралы саналы көзқарасын қалыптастыру. 

Әскери сайыста оқушылар мен жас мұғалімдер Калашников автоматын жартылай бөлшектеу және құрастыру бойынша бақ сынасты. 

Әскери сайысқа құрметті қонақ ретінде подполковник Ким Евгений Федорович, майор Токмолдаев Қаһарман Алтынбекович шақырылды. Білікті мамандардан құралған әділқазылар сайысқа қатысушыларды уақыт есебін негізге ала отырып бағалады. 

Сайыс қорытындысы бойынша үздік нәтиже көрсеткен оқушылар I, II және III орындарға ие болды.