Алматы қаласы Білім басқармасының
«№93 жалпы білім беретін мектеп»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі:
+7(727) 274 14 39
Есепші бөлімі:
+7(727) 274 14 39
Нашар көрушілер
нұсқасы
19
қыркүйек
2023

«ТІЛ — ХАЛЫҚТЫҢ ЖАН ДҮНИЕСІ» тақырыбындағы КІТАП КӨРМЕСІ

22 қыркүйек Қазақстан халқының тілдері күні мерекесіне орай мектебімізде 2023 жылдың 19 қыркүйек күні мектеп кітапханасында «Тіл — халықтың жан дүниесі» тақырыбында кітап көрмесі өтті. 

Кітап көрмесінің мақсаты — оқушылардың өз ана тіліне деген құрмет сезімін арттыру, тіл мәртебесін көтеру, таза сөйлеуге үйрету, өз ұлтына, еліне деген сүйіспеншілігін ояту. Ана тіліміздің тұғырының мықты болуына негіз қалаған бабаларымыздың өсиетін ұран ету, қазақ тілінің мәртебесін көтеру.