02
наурыз
2023
«КӨКТЕМ АРУЫ — 2023» БАЙҚАУЫ
2023 жылдың 2 наурызында қазақ қызының бойындағы әдептілік, көріктілік, инабаттылық, кішіпейілділікті таныту және көпшілік алдында өзін-өзі ұстай білу мен мейірімділкке тәрбиелеу мақсатында мектебімізде «Көктем аруы-2023» байқауы өтті.
Байқау барысында қатысушылардың өнері мен қабілеті, білімі мен сұлулығы сынға түсіп, бір-бірінен оза шауып тұрды. 5 айналымнан тұрған байқауда жеңімпаздарды анықтау оңайға соқпады. Шырқата салған әні мен әсем биі арқылы сахнаны шырайландырып жіберген арулардың қиялы да, ұшқырлығы да көрермендерді еріксіз сүйсінтті.
Аруларымыз бен аналарымызға, әжелеріміз бен қыздарымызға қуаныш сыйлаған күн мектеп оқушыларының да көңілдеріне шаттық ұялатты. Байқау соңында әділқазылардың шешімі бойынша бас жүлдеге 8 «А» сынып оқушысы Ахметжанова Руана ие болды. Ал, өзге қатысушы қыздар арнайы номинацияларға ие болып, марапатталды.