23
ақпан
2023
«ЖІГІТ СҰЛТАНЫ — 2023» БАЙҚАУЫ
Халқымызда жігітке айтылар сын да көп, қойылар талап та жоғары болған. Бүгінгі ХХІ ғасыр білім мен ғылым дамыған заманда жігіттеріміздің үлкен белес, асулардан көрінуі — елге әкелген бақытпен тең. Осыған орай 2023 жылдың 23 ақпанында мектебімізде «Жігіт сұлтаны — 2023» байқауы өтті.
Байқаудың басты мақсаты — жігіттерді батырлыққа, тапқырлыққа, имандылыққа тәрбиелеу, жан-жақты болуға баулу.
Жігіттеріміздің батырлығын, ептілігін, білімдерін, ақылдылығын сарапқа салған байқау 4 кезеңнен тұрды:
1. «Тегімді менің сұрасаң...» (таныстыру).
2. «Талапты ерге нұр жауар» (өнер сайысы).
3. «Күш атасын танымас»(спорт сайысы)
4. «Шешен жігіт сөз бастар» (сұрақ-жауап).
Байқауға 5-10 сынып арасынан өнерімен тамсандырған, бірінен бірі озатын сайыпқыран 10 жігіт қатысты. 4 кезеңнен тұратын сайыстың көркін қыздырып, көрермендердің көңілінен шығу үшін қатысушылар бар өнерін ортаға салып, түрлі сынақтардан өтті.
Байқау қорытындысы бойынша өзге жігіттерден дараланып, барлық шартқа сай қазылар алқасының көңілінен шыққан 9 «Ә» сынып оқушысы Рахматуллаев Асхат Ғаниұлы «Жігіт сұлтаны — 2023» атағы мен арнайы сый-сыяпатқа ие болды. Сонымен қатар, барлық қатысушы арнайы дипломдармен марапатталды.