Алматы қаласы Білім басқармасының
«№93 жалпы білім беретін мектеп»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі:
+7(727) 274 14 39
Есепші бөлімі:
+7(727) 274 14 39
Нашар көрушілер
нұсқасы
12
мамыр
2022

⚜️ «ЖҰЛДЫЗДЫ СӘТ» БАЙҚАУЫ

Халықаралық балаларды қорғау күні қарсаңында оңтүстік астанада алғаш рет 2022 жылғы 5 мамыр күні ауқымды іс-шара – «Алматы БАЛАFEST» қалалық балалар фестивалі бастау алды.

«Алматы БАЛАFEST» фестивалі аясында өткізілген алғашқы байқау — «Жұлдызды сәт» музыкалық шығармашылық және хореография байқауы.

Байқау оқушылардың кәсіби дайындығының сапалы деңгейін арттыру, әлемдік музыка өнеріне деген қызығушылығын арттыру, әлем халықтарының мәдени мұрасын сақтау және дәріптеу, дарынды орындаушыларды анықтау, әлемдік музыка өнерінің үздік жетістіктерін сақтау және дамыту, қоғамдағы музыка мәдениетінің мәртебесін арттыру мақсатында өткізілді.

Байқаудың мектепішілік кезеңінің қорытындысы бойынша 6 «Ә» сынып оқушыларының орындауындағы «Қара жорға» биі үздік деп танылып, аудандық кезеңге ұсынылды.