Алматы қаласы Білім басқармасының
«№93 жалпы білім беретін мектеп»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі:
+7(727) 274 14 39
Есепші бөлімі:
+7(727) 274 14 39
Нашар көрушілер
нұсқасы
22
қараша
2022

ОҚУШЫЛАРЫМЫЗ — АБАЙ АТЫНДАҒЫ ҚАЗҰПУ-да ҚОНАҚТА

Қазіргі таңда білім беру саласында жоғары оқу орындары мен мектеп арасындағы байланысты нығайтуға көп көңіл бөлінуде. Бұл байланыс нәтижесінде педагогтар өзара тәжірибе алмасып, біліктіліктерін арттырса, оқушылардың өнер мен ғылымға деген қызығушылығы оянып, болашақ мамандықтарын дұрыс таңдауда да септігін тигізетіні анық.

Осы мақсатта бүгін мектебіміздің жоғары сынып оқушылары Абай атындағы ҚазҰПУ-дың Өнер, мәдениет және спорт институтында қонақ болды. Оқушыларымыз факультеттің материалдық-техникалық базасымен, оқу орнындағы заманауи ғылыми орталықтардың жұмысымен, студенттердің шығармашылық еңбектерімен танысып, өзара ой бөлісті. 

Сондай-ақ, балалар ҚР Суретшілер одағының мүшесі Қанағат Қалиұлының «Бабалар аманаты» атты сурет көрмесін аралады.