Алматы қаласы Білім басқармасының
«№93 жалпы білім беретін мектеп»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі:
+7(727) 274 14 39
Есепші бөлімі:
+7(727) 274 14 39
eOtinish.kz
Нашар көрушілер
нұсқасы
26
сәуір
2021

"Мамандық таңдау - маңызды іс" кәсіптік бағдар

        Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінің Өнер, мәдениет және спорт институты Көркем білім кафедрасының аға оқытушысы,педагогика ғылымдарының магистрі Бекенова Баян Нығметқызы 11 "А" сынып оқушыларымен кәсіби бағдар жұмысын өткізді.  Мектеп оқушыларына мамандықтарын дұрыс таңдауға бағыт беру маңызды  іс. Таңдалған мамандық жеке тұлғаның болашақ өміріне әсер етеді. Кәсіби мақсатына дұрыс бағыт алған оқушы бойындағы қарым қабілетін шығармашылықпен дамыта білсе сапалы маман ретінде қалыптасады. Сол себепті қазіргі таңда түлектерге кәсіби бағдар ұсынып, кеңес айту үлкен маңызға іс. Осыған орай Бекенова Баян Нығметқызы факультеттегі мамандықтар жайында жан-жақты мәліметтер берді.  Бітіруші түлектермен кездесуге мүмкіндік жасаған мектеп директоры Тұрмахан Рита Тәжімқызы. Кәсіби бағдар беру мақсатында өткен кездесуге  директордың оқу-тәрбие ісі жөніндегі орынбасарлары   Ш.З.Омарова, Д.Ш.Қалназарова онлайн қатысты. Түлектерге айтылған жайларға көңіл қойып тыңдау, өздеріңіздің болашақ мамандықтарыңызды дұрыс таңдауға септігін тигізеді. Қазіргі заман талабына сай мамандықтарды игерген жастарға сұраныс өте  жоғары. Нарықтағы бәсекелестік күн өткен сайын артып келеді. Бүгінгі заман талабы кәсіптік білім беру саласында адамның табиғи ерекшеліктеріне сәйкес мыңдаған мамандықтар мен кәсіптерге дайындау – кезек күттірмейтін талаптардың бірі-деді.
    Жұмыс жоғары деңгейде өтті. Оқушылар өздеріне керек мәліметтерін алды.                                                                                           Мектеп оқушыларына университеттің материалды – техникалық базасы мен тарихы, мамандықтардың таныстырымы, бейнеролик көрсетіліп, басқа да ақпараттар ұсынылды.