Алматы қаласы Білім басқармасының
«№93 жалпы білім беретін мектеп»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі:
+7(727) 274 14 39
Есепші бөлімі:
+7(727) 274 14 39
Нашар көрушілер
нұсқасы
13
қазан
2022

ЗАМАНАУИ СПОРТ АЛАҢЫ — БАЛАЛАР ИГІЛІГІНЕ

Бұқаралық спортты қолдау және балалар арасында салауатты өмір салтын қалыптастыру, дамыту мақсатында мектебімізде «Qaisar» ЖШС-ның заманауи үлгідегі спорттық алаңы жұмыс жасауда. 

Стадионда футбол алаңы, баскетбол алаңы, кроссфит, жүгіру жолағы, душ кабиналары мен санитарлық бөлмесі бар киім ауыстыратын орын да қарастырылған.

Білікті жаттықтырушылар балалардың спортқа деген қызығушылығын оятып, аудандық, қалалық және республикалық бәсекелерде жеңіс тұғырынан көрінуіне көп үлес қосуда. Соның нәтижесінде мектеп оқушылары спорттың бірнеше бағыты бойынша үздіктер қатарынан көрініп жүр. 

Сонымен қатар, «Qaisar» ЖШС басшылығы мен қызметкерлері қайырымдылық іс-шараларына да үнемі қатысып тұрады. Әсіресе, спортқа деген ынта-ықыласы ерекше балалар үшін мұндай әлеуметтік қолдау маңызды мәнге ие. 

Қосымша сұрақтар бойынша мына байланыс нөміріне хабарласуларыңызға болады: +7 747 607 8109