Алматы қаласы Білім басқармасының
«№93 жалпы білім беретін мектеп»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі:
+7(727) 274 14 39
Есепші бөлімі:
+7(727) 274 14 39
Нашар көрушілер
нұсқасы
01
қыркүйек
2022

ПРЕЗИДЕНТ ЖОЛДАУЫ — ЖАРҚЫН БОЛАШАҚҚА БАСТАР ЖОЛ

Бүгін Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев «ӘДІЛЕТТІ МЕМЛЕКЕТ. БІРТҰТАС ҰЛТ. БЕРЕКЕЛІ ҚОҒАМ» атты Қазақстан халқына Жолдауын жариялады. Осы орайда Президент елдің әлеуметтік және саяси жүйесін кешенді жаңғырту және дамыту бағытындағы іс-шаралар жоспарын ұсынды. Мектеп ұжымы бейнекөрсетілім арқылы Президент Жолдауындағы басым бағыттармен танысты. 

Президенттің қыркүйек айындағы Жолдауын орындаудың алғашқы және негізгі қадамдарының бірі 2022 жылғы 1 қаңтардан бастап ең төменгі жалақы мөлшерін (ЕТЖ) 60 мың теңгеге дейін көбейту болды. Бұрын 42 500 теңгені құраған бұл көрсеткіш 2018 жылдан бері өспеген.

Бұл шара елдегі шамамен 1,7 млн қазақстандықтың табысын ұлғайтуға мүмкіндік берді, олардың экономикалық белсенділігі мен сатып алу қабілетін арттырды. Сонымен қатар, биыл әлеуметтік төлемдер екі рет индексацияланды. Бұл 4,1 млн адамға әсер етті, оның 2,2 млн-ы – зейнеткерлер.

Жолдау аясында азаматтарды қолдау шараларын жүзеге асыру туралы айта отырып, зейнетақы жинақтарының бір бөлігін (ең төменгі жеткіліктілік шегінен жоғары) «Отбасы банк» АҚ-дағы шоттарға аударуға және кейіннен тұрғын үй сатып алуға құқық беру сияқты маңызды қадамды атап өту керек.

Мемлекет басшысы өз сөзінде елімізде адами капиталды дамыту қажеттігіне, соның ішінде білім беру саласын нығайтуға үнемі назар аударып келеді.

Мәселен, Президент Жолдауын іске асыру аясында жалпы білім беретін пәндер бойынша халықаралық пәндік олимпиадалардың, шығармашылық конкурстар мен спорт жарыстарының жеңімпаздары мен жүлдегерлерін қолдауға бағытталған заңнамалық өзгерістер енгізілді. Енді олар конкурсқа қатыспай-ақ, жоғары оқу орнына түсу үшін грант ала алады. 

Сонымен қатар, 2025 жылдың соңына дейін кемінде 1 000 жаңа мектеп салу жұмыстары басталды, бұл апаттық және үш ауысыммен оқытатын мектептерді жоюға, сондай-ақ жалпы оқушы орындарының жетіспеушілігін жоюға көмектеседі.