28
қаңтар
2026
АТА-АНАЛАРДЫ ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ҚОЛДАУ ОРТАЛЫҒЫ

2026 жылдың 28 қаңтар күні «Ата-аналарды педагогикалық қолдау» орталығының жұмыс жоспарына сәйкес №93 жалпы білім беретін мектебінің 2 «Ә» сыныбында ата-аналар жиналысы өтті. Жиналыстың мақсаты – ата-ана мен мектеп арасындағы ынтымақтастықты нығайту, бала тәрбиесіндегі ортақ жауапкершілікті арттыру және ата-аналарға педагогикалық қолдау көрсету.
Кездесу барысында оқушылардың оқу үлгерімі мен тәртібі, сыныптағы психологиялық ахуал, сондай-ақ балалардың қабілеттерін дамыту жолдары талқыланды. Ата-аналармен ашық пікір алмасу жүргізіліп, бала тәрбиесіне қатысты пайдалы кеңестер мен ұсыныстар берілді.
Жиналыс өзара түсіністік пен сенімге негізделген жылы атмосферада өтті. Ата-аналар белсенділік танытып, өз ой-пікірлерін ортаға салды. Осындай кездесулер бала тұлғасының жан-жақты дамуына ықпал етіп, ата-ана мен мектептің бірлескен жұмысының маңыздылығын арттыра түседі.
Сынып жетекшісі: А.К. Алияскарова