3-4-СЫНЫПТАРҒА АРНАЛҒАН "АЛТЫН САҚА" ОЛИМПИАДАСЫНЫҢ ҚОРЫТЫНДЫСЫ
3-4-сыныптар арасында өтетін республикалық «Aлтын сақа» математикалық олимпиадасының мақсаттары мен міндеттері: математика пәні бойынша оқушылардың қызығушылығын арттыру, ғылымға баулу, математикалық ұғымдарды талдауға, сыни тұрғыда ойлауға, күрделі есептерді шешуге дағдыландыру, олимпиада резервтерін қалыптастыру және қабілетті балаларды анықтап, ынталандыру.