Алматы қаласы Білім басқармасының
«№93 жалпы білім беретін мектеп»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі:
+7(727) 274 14 39
Есепші бөлімі:
+7(727) 274 14 39
eOtinish.kz
Нашар көрушілер
нұсқасы
Хабарландыру
14
қараша
2024
Хабарландыру
22.11.2024 жылы мектепшілік “Үздік жүргізуші-2024” байқауы өтетінін хабарлаймыз! 5-11 сынып аралығында өтеді; Әр сыныптан 1 оқушы ғана қатыса алады. Байқау 2 кезеңнен тұрады: 1-кезең: “Көркем сөз шебері” - көркем шығармадан, драмадан үзінді немесе кез-келген танымал ақынның мәнерлеп, жатқа оқу. 2-кезең: “Импровизация” - аудиториямен жұмыс, кез-келген оқиғадан шыға білу.  Байқау 22.11.2024 жылы сағат 14:00-де өтеді. Өтетін жері: Мектеп акт залы Жауапты: А.С. Елубай
КӘСІПТІК БАҒДАР БЕРУ ЖҰМЫСЫ
07
қараша
2024
КӘСІПТІК БАҒДАР БЕРУ ЖҰМЫСЫ
Кәсіптік бағдар беру – қоғамның қажеттілігіне қарай әрбір оқушының қабілеттілігі мен бейімділігін ескере отырып, кәсіпке қызығушылығын қалыптастыруға және болашақ мамандығын саналы түрде таңдауға көмектесуде, мақсатты атқарылатын жұмыс. Ағымдағы жылдың 7 қараша күні №93 жалпы білім беретін мектебінде 10,11-сыныптарға “Нархоз” университетінің оқытушысы мен студенттері кәсіптік бағдар беру жұмыстарын жүргізді. Шара барысында оқушылар сауалнама толтырып, қызықтырған сұрақтарына жауап алды.