Алматы қаласы Білім басқармасының
«№93 жалпы білім беретін мектеп»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі:
+7(727) 274 14 39
Есепші бөлімі:
+7(727) 274 14 39
eOtinish.kz
Нашар көрушілер
нұсқасы
МЕКТЕП МАҚТАНЫШТАРЫ
16
желтоқсан
2025
МЕКТЕП МАҚТАНЫШТАРЫ
Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күніне арналған «Қазақ биінің шырайы» би ұжымдары мен солистері арасындағы аудандық қазақ биі байқауында жүлделі ІІ орын алғаны үшін №93 жалпы білім беретін мектебінің оқушысы Ержанова Аружан марапатталды.  Жетекшісі: А.С. Елубай Өнерлі шәкіртіміздің шабыты сарқылмасын, сахнасы жарық болсын!
МЕКТЕП МАҚТАНЫШТАРЫ
16
желтоқсан
2025
МЕКТЕП МАҚТАНЫШТАРЫ
Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күніне арналған «Қазақ биінің шырайы» би ұжымдары мен солистері арасындағы аудандық қазақ биі байқауында жүлделі ІІ орын алғаны үшін №93 жалпы білім беретін мектебінің «Кербез» би ансамблі марапатталды.  Жетекшісі: А.С. Елубай Өнерлі шәкірттеріміздің шабыты сарқылмасын, сахналары жарық болсын!
ТӘУЕЛСІЗДІК КҮНІ
15
желтоқсан
2025
ТӘУЕЛСІЗДІК КҮНІ
Тәуелсіздік күніне орай 1 «Ә» сынып оқушылары “Азат елдің айбыны” атты флешмоб ұйымдастырып, өздерінің жігерін, бірлігін және Отанға деген сүйіспеншілігін көрсетті. Жас ұрпақ – жарқын болашақ! Сынып жетекшісі: Қ.Ж. Иманбекова
МЕКТЕП МАҚТАНЫШТАРЫ
15
желтоқсан
2025
МЕКТЕП МАҚТАНЫШТАРЫ
«Білім әлемі» олимпиадасынан І орын алғаны үшін №93 жалпы білім беретін мектебінің 1 «Ә» сыныбының оқушылары Арипжанов Алижан, Елберген Жанел, Талғат Дінмұхаммед, Садық Аянат марапатталды.  Жетекшісі: Қ.Ж. Иманбекова Шәкіртімізді, әріптесімізді және ата-анамызды жеңісімен құттықтаймыз!
МЕКТЕП МАҚТАНЫШТАРЫ
15
желтоқсан
2025
МЕКТЕП МАҚТАНЫШТАРЫ
Алматы қаласы Білім басқармасы Қалалық білім берудегі жаңа технологиялардың ғылыми-әдістемелік орталығының ұйымдастыруымен орта білім беру ұйымдарының білім алушылары арасында өткізілген «Шығармашылық шеберхана: Бояулар құпиясы» атты қалалық сурет байқауының ІІІ дәрежелі диплом иегері 6 «Ә» сынып оқушысы Берістен Розлана марапатталды. Жетекшісі: Т.Шернияз Шәкіртімізді, әріптесімізді және ата-анамызды жеңісімен құттықтаймыз!
ТӘУЕЛСІЗДІК КҮНІ
15
желтоқсан
2025
ТӘУЕЛСІЗДІК КҮНІ
2025 жылдың 12 желтоқсан күні №93 жалпы білім беретін мектебінде тұғырлы тәуелсіздігімізге арналған «Тәуелсіздік – Ел тірегі» атты мерекелік кеш өтті.  Кеш қонақтарының қатарында Желтоқсан оқиғасының ардагері, патриоттық тәрбиенің жанашыры Өмірбекова Роза апайымыз бен 1986 жылғы оқиғалардың куәгері, ұлт рухын насихаттаушы Нағима Далабаевна апайымыз болды. Шара барысында мектеп шәкірттері өз өнерлерін көрсетіп, ұлттық рухты дәріптеді. Шараға жауапты:  5 «А» сынып жетекшісі А.М. Саулебекова 10