Алматы қаласы Білім басқармасының
«№93 жалпы білім беретін мектеп»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі:
+7(727) 274 14 39
Есепші бөлімі:
+7(727) 274 14 39
eOtinish.kz
Нашар көрушілер
нұсқасы
СЫНЫП САҒАТЫ
02
ақпан
2026
СЫНЫП САҒАТЫ
2026 жылдың 2 ақпан күні №93 жалпы білім беретін мектебінің 5 «Ә» сыныбында «Бейтаныс адамның шақыруынан қалай сенімді және қауіпсіз бас тартуға болады?» тақырыбында сынып сағаты өтті. Сынып сағатында оқушыларға бейтаныс адамдармен қарым-қатынаста сақ болудың маңызы түсіндірілді. Қауіпсіз бас тарту жолдары, «жоқ» деп нақты айту, жеке ақпаратты бермеу және күмәнді жағдайларда үлкендерден көмек сұрау туралы айтылды. Талқылау барысында өмірлік мысалдар келтіріліп, оқушылар өз ойларымен бөлісті.
«Екі жұлдыз» байқауы
30
қаңтар
2026
«Екі жұлдыз» байқауы
2026 жылдың 30 қаңтар күні «Адал азамат» біртұтас тәрбие бағдарламасы «Шабыт» жобасын іске асыру жұмысы аясында №93 жалпы білім беретін мектеп қабырғасында оқушылар мен ұстаздар арасындағы шығармашылық байланысты нығайту, өнерге деген қызығушылықты арттыру және дарынды тұлғаларды анықтау мақсатында «Екі жұлдыз» атты өнер байқауы ұйымдастырылып, өткізілді. Байқау барысында қатысушылар вокалдық және сахналық өнерін көрсетіп, көрермендерге көтеріңкі көңіл күй сыйлады. Әр жұптың үйлесімі, сахна
МЕКТЕП МАҚТАНЫШТАРЫ
28
қаңтар
2026
МЕКТЕП МАҚТАНЫШТАРЫ
«Ақбота» зияткерлік олимпиадасынан жүлделі орындар иеленгені үшін Ескермес Жания - 1-орын  Қайыпберген Амира - 1-орын Турехан Адина - 3-орын марапатталды.  Жетекшісі: А.К. Донгабакова
МЕКТЕП МАҚТАНЫШТАРЫ
27
қаңтар
2026
МЕКТЕП МАҚТАНЫШТАРЫ
Жаратылыстану пәні бойынша “Білім әлемі”  олимпиадасында 1-орын алғаны үшін Қайыпберген Амира Медеубек Алихан Меліс Мариям Турехан Адина Болатхан Айзере марапатталды.  Жетекшісі: А.К. Донгабакова
ЗАҢ ЖӘНЕ ТӘРТІП
26
қаңтар
2026
ЗАҢ ЖӘНЕ ТӘРТІП
Заң және тәртіп қағидатын ілгерілету мақсатында «Мектеп Парламенті» өзін-өзі басқару ұйымының мүшелері бекітілген кесте бойынша кезекшілік атқарып, мектеп ішіндегі тәртіп пен мәдениетті сақтауға белсенді қатысуда.
СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚҚА БІРГЕ ҚАРСЫМЫЗ!
21
қаңтар
2026
СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚҚА БІРГЕ ҚАРСЫМЫЗ!
Алматы қаласы Білім басқармасының Білім берудегі жаңа технологиялардың қалалық ғылыми-әдістемелік орталығының «Саналы азамат» сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру бағдарламасы және «Заң мен тәртіп» қағидатын іске асыру аясында ұйымдастырылған «Сыбайлас жемқорлыққа бірге қарсымыз!» атты қалалық флешмобқа №93 жалпы білім беретін мектебінің «Мектеп Парламенті» өзін-өзі басқару ұйымы белсенді түрде өз үлесін қосты. #СыбайласЖемқорлыққаҚарсымыз #СаналыАзамат #ЗаңМенТәртіп