Алматы қаласы Білім басқармасының
«№93 жалпы білім беретін мектеп»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі:
+7(727) 274 14 39
Есепші бөлімі:
+7(727) 274 14 39
eOtinish.kz
Нашар көрушілер
нұсқасы
Жаңа жылдық көңіл күй мектебімізде!
25
желтоқсан
2025
Жаңа жылдық көңіл күй мектебімізде!
Мектеп оқушылары мен ұстаздары бірігіп, жаңа жылдық шаттыққа толы ерекше көңіл күй сыйлады. Күлкіге, жылулыққа және әдемі сәттерге толы бұл видео — ұжымымыздың бірлігінің, мерекелік рухының айғағы. Жаңа жыл әр шаңыраққа қуаныш, амандық пен жаңа жетістіктер әкелсін! Баршаңызға көтеріңкі көңіл күй мен жарқын болашақ тілейміз!
«Мен – көшбасшымын!» IV қалалық слеті
23
желтоқсан
2025
«Мен – көшбасшымын!» IV қалалық слеті
2025 жылғы 23 желтоқсан күні Алматы қаласы Білім басқармасының «Алматы дарыны» орталығының ұйымдастыруымен мектеп және студенттік парламент көшбасшылары арасында «Мен – көшбасшымын!» атты IV қалалық слет өтті. Слетке мектебіміздің оқушысы Болатова Малика қатысты. Слеттің мақсаты — оқушылар мен студенттердің өзін-өзі басқару жүйесін дамыту арқылы олардың отаншылдық сезімін, жауапкершілігін, құқықтық мәдениетін, ынтымақтастығын арттыру, кәсіби өсуге ұмтылысын қолдау және шығармашылық бастамаларын
ӘЛІППЕМЕН ҚОШТАСУ
22
желтоқсан
2025
ӘЛІППЕМЕН ҚОШТАСУ
№93 жалпы білім беретін мектебінің 1 «А» сыныбында «Қош бол, сүйікті әліппем!» атты әліппемен қоштасу мерекелік іс-шарасы өтті. Бұл күні оқушылар әріптермен алғаш танысқан қымбат әліппесіне алғыс айтып, ән салып, тақпақтар оқыды. Шара балалардың білімге деген қызығушылығын арттырып, есте қаларлық жылы көңіл күй сыйлады. Сынып жетекшісі: А.Ч. Кожалимова
Жаңа жылға – жаңа көңіл күй
19
желтоқсан
2025
Жаңа жылға – жаңа көңіл күй
Мектебіміз жаңа жыл мерекесіне орай әсем безендірілді. Жарқыраған шамдар, мерекелік әшекейлер мен жылы атмосфера мектепке ерекше сән беріп, оқушылар мен ұстаздарға көтеріңкі көңіл күй сыйлауда.
МЕКТЕП МАҚТАНЫШТАРЫ
17
желтоқсан
2025
МЕКТЕП МАҚТАНЫШТАРЫ
«Білім әлемі» олимпиадасынан І орын алғаны үшін №93 жалпы білім беретін мектебінің 3 «Ә» сыныбының оқушылары  Егізбай Бақытжан Жанұзақ Заида Касымов Инсар Нұрғали Бауыржан Рустам Камила Ыкыласов Эльдар марапатталды.  Жетекшісі: Ж.Т. Халықұл Шәкіртімізді, әріптесімізді және ата-анамызды жеңісімен құттықтаймыз!
ТӘУЕЛСІЗДІК КҮНІ
16
желтоқсан
2025
ТӘУЕЛСІЗДІК КҮНІ
Құрметті ұстаздар, оқушылар және ата-аналар! Сіздерді Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күнімен шын жүректен құттықтаймыз! Тәуелсіздік – халқымыздың ең қастерлі құндылығы, елдігіміздің берік негізі. Бұл күн – тарихымызды ұлықтап, болашаққа нық қадам басатын мерейлі мереке. Еліміз аман, жұртымыз тыныш болып, бірлігіміз бен ынтымағымыз арта берсін. Жас ұрпақтың білімді, саналы, отаншыл болып қалыптасуына бірлесе еңбек ете берейік. Тәуелсіз Қазақстанның жарқын болашағы жолында атқарылар игі