Алматы қаласы Білім басқармасының
«№93 жалпы білім беретін мектеп»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі:
+7(727) 274 14 39
Есепші бөлімі:
+7(727) 274 14 39
eOtinish.kz
Нашар көрушілер
нұсқасы
Рақмет саған, 2025!
23
желтоқсан
2025
Рақмет саған, 2025!
Биылғы жыл мектебіміз үшін табысты да мазмұнды болды. 2025 жылы біз көптеген жетістіктерге жеттік, жаңа белестерді бағындырдық, білім мен тәрбие бағытында ауқымды жұмыстар атқардық. Оқушыларымыз түрлі байқаулар мен жарыстарда топ жарып, ұстаздарымыз кәсіби шеберлігін дәлелдеді. Мектеп өмірі мазмұнды іс-шаралармен, шығармашылық жобалармен және жарқын жеңістермен есте қалды. Барлық жетістіктер – бірліктің, еңбектің және сенімнің нәтижесі. Рақмет саған, 2025 жыл, бізге өсуге, үйренуге және алға
ӘЛІППЕМЕН ҚОШТАСУ
22
желтоқсан
2025
ӘЛІППЕМЕН ҚОШТАСУ
№93 жалпы білім беретін мектебінің 1 «Ә» сыныбында «Қош бол, сүйікті әліппем!» атты әліппемен қоштасу мерекелік іс-шарасы өтті. Бұл күні оқушылар әріптермен алғаш танысқан қымбат әліппесіне алғыс айтып, ән салып, тақпақтар оқыды. Шара балалардың білімге деген қызығушылығын арттырып, есте қаларлық жылы көңіл күй сыйлады. Сынып жетекшісі: Қ.Ж. Иманбекова
ӘЛІППЕМЕН ҚОШТАСУ
22
желтоқсан
2025
ӘЛІППЕМЕН ҚОШТАСУ
№93 жалпы білім беретін мектебінің 1 «А» сыныбында «Қош бол, сүйікті әліппем!» атты әліппемен қоштасу мерекелік іс-шарасы өтті. Бұл күні оқушылар әріптермен алғаш танысқан қымбат әліппесіне алғыс айтып, ән салып, тақпақтар оқыды. Шара балалардың білімге деген қызығушылығын арттырып, есте қаларлық жылы көңіл күй сыйлады. Сынып жетекшісі: А.Ч. Кожалимова
Жаңа жылға – жаңа көңіл күй
19
желтоқсан
2025
Жаңа жылға – жаңа көңіл күй
Мектебіміз жаңа жыл мерекесіне орай әсем безендірілді. Жарқыраған шамдар, мерекелік әшекейлер мен жылы атмосфера мектепке ерекше сән беріп, оқушылар мен ұстаздарға көтеріңкі көңіл күй сыйлауда.
ШЫРША ЖАҒУ РӘСІМІ
18
желтоқсан
2025
ШЫРША ЖАҒУ РӘСІМІ
2025 жылдың 18 желтоқсан күні өткен Алматы қаласы Бостандық ауданының Шырша жағу рәсіміне мектебіміздің жас ұстаздары қатысты.  Мерекелік шара барысында жастарымыз көтеріңкі көңіл күй мен жаңа жылдық шаттықты сезініп, аудан тұрғындарымен бірге қуанышты сәттерді бөлісті. Шырша жағу рәсімі бірлік пен ынтымақтың, жаңа жылға деген үміт пен жарқын бастамалардың белгісі ретінде есте қалды.
МЕКТЕП МАҚТАНЫШТАРЫ
17
желтоқсан
2025
МЕКТЕП МАҚТАНЫШТАРЫ
«Білім әлемі» олимпиадасынан І орын алғаны үшін №93 жалпы білім беретін мектебінің 3 «Ә» сыныбының оқушылары  Егізбай Бақытжан Жанұзақ Заида Касымов Инсар Нұрғали Бауыржан Рустам Камила Ыкыласов Эльдар марапатталды.  Жетекшісі: Ж.Т. Халықұл Шәкіртімізді, әріптесімізді және ата-анамызды жеңісімен құттықтаймыз!