Алматы қаласы Білім басқармасының
«№93 жалпы білім беретін мектеп»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі:
+7(727) 274 14 39
Есепші бөлімі:
+7(727) 274 14 39
Нашар көрушілер
нұсқасы
25
сәуір
2022

📚 КІТАП — БІЗДІҢ ДОСЫМЫЗ

Кітап – адам баласы ақыл-ойынан туған рухани байлықты сақтап, оны ұрпақтан ұрпаққа жеткізіп отыратын құрал, білім мен тәрбие көзі. Ол – адамзат жасаған ең ұлы кереметтердің бірі.

Жыл сайын әлемде 23 сәуір – Халықаралық кітап және авторлық құқық күні дәстүрлі түрде аталып өтеді. Атаулы күнге орай мектебімізде 4 «Ә» сынып оқушыларының қатысуымен «Кітап — біздің досымыз» тақырыбында іс-шара өтті.

«Кітап сарқылмас рухани қазына» — деп бекерден-бекер айтылмаса керек. Сондықтан рухани байлықты сақтап, оны ұрпақтан-ұрпаққа жеткізу — өзекті мәселелердің бірі.