Алматы қаласы Білім басқармасының
«№93 жалпы білім беретін мектеп»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі:
+7(727) 274 14 39
Есепші бөлімі:
+7(727) 274 14 39
eOtinish.kz
Нашар көрушілер
нұсқасы
18
ақпан
2022

⚜️«АШЫҚ АЛАҢ» ЖОБАСЫ АЯСЫНДА ПІКІРСАЙЫС ӨТТІ

Ақпан айының он алтыншы жұлдызында Б.Ү.Өтегеннің және Ғ.Мэлсұлының ұйымдастыруымен «Ашық алаң» жобасы бойынша 9-сыныптар арасында «Бала құқығы: мәселелер мен шешімдер» тақырыбында пікірсайыс өтті.

Пікірсайысқа «Үкімет» және «Оппозиция» фракцияларынан құралған топтар атсалысты. Фракция көшбасшылары мен мүшелері бала құқығын қорғау конвенциясын негізге ала отырып, өзіндік ұстанымдарын қорғады.

Пікірсайыс барысында «Оппозиция» фракциясы еліміздегі бала құқығына қатысты өзекті мәселелерді дәлелді түрде жеткізе білді. Ал «Үкімет» фракциясының мүшелері аталған мәселелер төңірегінде кешенді жоспар ұсынып, шешімін табуға мүдделі екендігін жеткізді.

Пікірсайыс соңында екі фракция мүшелерінің ой-пікірлерін ескере отырып, үш бөлімнен тұратын қарар қабылданды.