Алматы қаласы Білім басқармасының
«№93 жалпы білім беретін мектеп»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі:
+7(727) 274 14 39
Есепші бөлімі:
+7(727) 274 14 39
Нашар көрушілер
нұсқасы
09
ақпан
2021

Мұқағали Мақатаев


Қазақтың ақиық ақыны Мұқағали (Мұхамедқали) Сүлейменұлы Мақатаевтың туғанына бүгін тура 90 жыл толды.
Ол 1931 жылы ақпанның тоғызы күні Нарынқол өңірінің Қарасаз ауылында дүние есігін ашқан. «Қайран Қарасазым-ай» деп өлеңге қосқан, кейін әнші Рамазан Стамғазиевтің әніне айналған аядай ауылды бүгінде білмейтін қазақ кемде-кем.Мұқағалидің бала кезі сұм соғыстың қасіретті жылдарына тұспа-тұс келеді.

«Неңді сенің аңсаймын бала шағым, бұлдыраған айналаң ала сағым» деген ақынның анасы Нағиман Мұқағалидың өкшесін баса туған үш ұлды асырап жеткізеді. «Сенің қандай аңсаймын «тамашаңды?» Соғыс келді: жүрекке жара салды»... Осы өлең жолдарынан ақынның бала кездің өзінде қандай қиыншылықтан өткенін аңғарамыз.

Ол - қазақ поэзиясына қайталанбас туындыларымен, отты жырларымен келген ақын. Өз шығармалары арқылы қазақ поэзиясын жаңа биіктерге көтерді. Мұқағали поэзияда туған өнер деңгейіндегі ғана құбылыс емес. Оның өлмес өнері, қанатты поэзиясы қазақ халқының парасатын кемелдендіре түсті. Күні бүгінге дейін халықтың ақын шығармашылығына деген құрметі бір мысқал кеміген емес. Бүгін де ақынның өлеңдері мен шығармаларының, ой-толғауларының жаңа кітап болып басылып жатқаны – осыған куә.